Описание
Үнемі бірнәрсені ойлап тауып жүретін өнертапқыш Марат мырза жоғалып кетті, бірақ ол мүлде көрінбей кеткен жоқ. Ол өткен шаққа кетіп қалды.
Марат мырзаның жаңа өнертабысы – телетасымалдағыштың арқасында достары Арман, Майя және Ерік те онымен бірге уақыт кеңістігінің ішіне еніп кетті.
Олар Марат мырзаны тауып алып, осы шаққа алып келу үшін әрекет жасайды.